Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына пікір

2018 жылдың 6 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің ҒАА, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің жетекшісі Т.В. Шустова, қорлардың бас сақтаушысы А.Т. Баелова, архивист-аудармашы А.Ш. Сейтказина «ALTAI» ақпараттық-жаңалық телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мәдени және ғылыми жұртшылықты рухтандырғандығын, өлке тарихын қалпына келтіру жұмысына жаңа импульс бергендігін белгіледі.

Мақалада архив қызметіне үлкен рөл бөлінген. 1940 жылы құрылған Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві – аумақта құжаттардың ең ірі қоймасы болады. Шығыс Қазақстанның тарихын сақтап қалған көп деген құжаттарды ғылыми қызметкерелер 2001 жылда бастап айқындай бастаған, олардың көп еңбекті жұмысы арқасында Михаэлис, Потанин және басқа әйгілі тарихи тұлғалардың өмірі жайлы құнды мәліметтер табылып, кейін мақалалар жинағына кіріді және де көрмелерде қойылып, өлкетану басылымдарда жарияланды.

Архивта сақталған метрикалық кітаптар ерекше құнды болып саналады. Одан басқа, белгілі адамдар архивінан алынған көп деген құжаттар, Ұлы Отан соғысының тарихына қатысты мәліметтер және архив қоймаларында сақтауда жатқан басқа бірегей құжаттары, тарихқа қызуғышылық танытқан адамдар сирек кездесетін құжаттарға қол жеткізіп танысу үшін, бірте-бірте цифрлық форматқа ауыстырылып жатыр.

Қазақстан Ресей империясының тарихымен тарихи байланысты болғандықтан, Ресей архивтерінде революцияға дейінгі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық өмірін айқындайтын құжаттар сақталған. «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарлама басқа мемлекетттердің архивтерінде Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды айқындау үшін архивисттер, ғалымдар жұмысына жағдай жасау керек.

Орынбор, Мәскеу, Томск, Омск, Санкт-Петербурга архивтерінде іздестіру жұмысын ретке келтіру жоспарланып отыр.

Архив қызметін ақпараттандыру – заманауи қоғамының талабы. «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарлама шегінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінде «Электрондық архив» бағдарламасын белсенді түрде ендіріліп жатыр. «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламаны жасау, бірегей құжаттарды цифрлық форматқа ауыстыру, тақырыптық дерекқорлар құру сұрақтары бойынша бұдан әрі тиімді шешім қабылдау үшін жаңа импульс береді.

Мемлекеттік архивтердің тарихқа бай қорлары сөрелерде ауыр жүктей жатпай, қалың жұртшылыққа қол жетімді болу керек.

https://www.youtube.com/watch?v=MBHNDRI_X8w 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru