Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті

Жарма филиалының архившілері Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде «Қазақ тілі» қоғамы аудандық ұйымының алғашқы төрағасы, «Жарма ауданының құрметті азаматы»  Нұролла Өзбековты еске алуға арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты өткен іс-шараға қатысты. Шара жас ақындардың ана тілі туралы өлеңдерін оқуынан басталды.

Сонымен қатар, Н.Өзбековтің өмірі мен еңбек жолы туралы презентация ұсынылды және бұрынғы әріптестері, достары, жақындары және таныстары өз естеліктерімен бөлісті.

Нұролла Өзбековтің ұлы Асқар Өзбеков шығармашылық байқаудың жүлдегерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар тапсырды.

Іс-шара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі көркемөнер ұжымдарының концертімен аяқталды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru