Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Автормен кездесу

Зайсан мемлекеттік архиві филиалына «Зайсан православный» кітабының авторы Юрий Александрович Денякин келіп, оқу залында архив құжаттарымен жұмыс істеді.

Зайсан қаласында туып, кейіннен Өскемен қаласына қоныс аударған автор қала тарихы туралы әліде ізденіп жүргенін айтты. Осы сапарында кітаптың тағы бір данасын архив кітаханасына сыйға тарту етті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Н.Ыдырышев өзіне кездесуге шақырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігіне ризашылығын білдірді. Және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Дүйсембаевада қонақпен әңгімелесті.

Кітапқа Зайсан филиалында сақталған Александр –Невский, Никольский шіркеулерінің метрикалық кітаптарынан мәліметтер алынған. Бұл құжаттар қазіргі күні облыстық мемлекеттік архивте сақталуда.

Денякин Юрий Александрович келесі кітапты да туған өлкесіне арнайтынын, қазіргі күні Ресей мемлекетінде Москва қаласында тұрып жатсада туған жерін ұмытпайтынын айтып, архив ұжымына алғыс білдірді.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru