Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»

2017 жылы 31 мамырда Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен саяси қуғынның құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихта тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек стол өткізілді. Осы шараға ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары және қаланың жастары қатысты.

 

Облыстық мемлекеттік архив дөңгелек стол қонақтарына, қатысушыларына «Алаш туы аясында» - «Алаш начало пути» атты фотоқұжаттық көрме және «Реал-Тайм» ЖШС түсірген (директор С.И. Фазылов) құжаттық фильм ұсынды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік архивінің ғылыми-анықтамалық аппарат, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің жетекшісі Татьяна Владимировна Шустова «Қазақстан-Өскемен», «Атамекен» облыстық телеарналарына интервью берді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru