Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ерліктері ұмытылмайды

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай 15 ақпан 2017 жылы Зайсан қаласында  салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары  Уәли Марат, қала әкімі Тожыбаев Д,  аудандық Қорғаныс істері бөлімі басшысы лейтенант Дәлелхан А, шекара қызметінің майоры Сарбасовтар құттықтау сөздерін арнап, Ауған соғысының қасіретімен, ұзаққа созылған қан-төгіс қаншама  Совет жауынгерлерінің өмірін қиып, қаншамасы мүгедек болып оралғанын  айтып өтті.

Аудан бойынша  аттанған жауынгерлерді азаматтық борыштарын абыроймен  атқарғандарына алғыс білдірді. «Ауған соғысына қатысқандардың» құрметіне қойылған ескерткіш – тақтаға  мектеп оқушылары, Ауған соғысы ардагерлері гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.  1 минут үнсіздікпен Ауған соғысында  қаза тапқан марқұм Атаев Ермак  еске  алынды . Ауған соғысы ардагерлерінің жүріп өткен жолдары, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде үлкен үлгі-өнеге болып қала бермек !

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru