Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Халықаралық қарттар күні қарсаңында

2016 жылдың   30-қыркүйегінде  Халықаралық қарттар күнінің қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатында  қарт мұрағат зейнеткерлеріне арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды.  Мейірім мен ыстық ықыласқа толы кездесуде талайдан қауышпаған зейнеткерлер мен қонақтар, ұжым қызметкерлері мерекелік дастархан басында қуаныштары мен  сағыныштарын бір-біріне жеткізіп жатты.

Мұрағат директорының орынбасары Костина Елена Валерьевна  маңызды мейраммен құттықтап, келгендері үшін алғыс білдірді.

Сөз кезегін алған  мұрағат директоры Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекович жиналған қонақтарды мерекелерімен құттықтады.

Мұрағатымыздың бүгініне, беделіне, тыныс-тіршілігіне әрқайсыларыңыздың  үлкен үлестеріңіз бар. Сіздердің мол іс-тәжірибелеріңізбен бөліскен ізбасарларыңыз бүгінде қызмет етуде. Жанұяларыңызға бақыт,зор денсаулық, береке –бірлік тілеймін, ұрпақтарыңыз әрқашан үміттеріңізді ақтасын!-деп, ізгі ниетін білдірді.

Осыдан кейін мұрағат бөлімдерінің басшылары: Иксанова С.Қ., Баелова А.Т., Шустова Т.В., т.б. өз  жүрекжарды тілектерін білдірді. Келген қонақтардың арасында өз ән жинағын орындаған гитарашылар: Ястребов Олег, Половинкин Иван,  ұжым атынан өнерлерін көрсеткен қызметкерлер: Омарова С., Токжасарова А., Рахматулдинова А., Сарсенбаева Ғ.  қонақтардың көңілін көтеріп, қонақтардың зор ықыласына бөленді.

Өткен күндер елесіндей  ескі фотолар жинағы слайды  мерекелік отырыстың шырайын аша түсті.

Соңында естелік үшін фотоға түсіп, сыйлықтар табысталды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru