Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналады

ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филилалында мұрағаттар аралығында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті.

Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды. Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарына арналған нормалары басқа салалық заңнамалардың мазмұнына әсерін тигізуде. Кеңес заманында қалыптасқан адамды заңбұзушы – бұзақы ретінде көру стереотипі тарихтың қойнауына кетіп, керісінше кінәсіздік презумпциясын басшылыққа алу кең өріс алды. Конституциямызда бекітілгендей, тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау, сот пен заң алдындағы теңдік, жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды.

Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұртшылыққа жеткізу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru