Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Орай шап» көтерілісі» кітабының тұсаукесері

2016 жылы 22 маусымда  Шығыс Қазақстан облысының өнер мұражайында «Орай шап» көтерілісі» кітабының тұсаукесері өткізілді. Бұл басылым – Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатарлас келіп отырған «Орай шап!» көтерілісінің 100 жылдығына арналып отыр.

Анықтамалық (энциклопедия) деп атауға келетін ұжымдық еңбектің құрастырушысы Айтмұхамбет Қасымов – журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Дидар» газетінің  редакторының орынбасары – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында жеке бас текті қор иесі. Айтмұхамбет Қасымовтың қоры Шығыс Қазақстан облысының тарихын зерттейтін өлкетанушылар үшін, осы өңірде өмір сүрген ақын, жазушылар жайлы деректер іздеген жас әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар үшін аса бағалы.

Жоғарыдағы шараға мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері де шақырылып қатысты, видеотүсірілім жасалды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru