Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зыряндағы Наурыз мейрамы

Зырянда жаңа өмірдің, әлем және көктемнің жандандыратын Наурыз мейрамын кең көлемде қарсы алды. Бұл мейрам көктемнің жаңару, көңілді мерейтойдың,  құнардың, жақсылыққа деген үміттің символы болып келеді.

Наурыз – барша Қазақстан халқының ізгі, берекесінің және мәңгілік ұлы көктем мерекесі, еңбек және жасампаздықтың, ағайындық достық және келісім мерекесі. Барлық қазақстандықтар оны жақсы көреді. Зыряндықтар бұл ежелгі жомарт мерекені қатты ұнатты, сондықтан да таң сәріде Мәдениет Сарайының алаңына адамдар ағыла  барды, бұл жерде сәнді киіз үйлер құрылған, қазан ошақтары мен самауырлар түтіндері бұдақтап тұрды, әүен естіліп, сахна төрінде ән –күйлер ойнатылды, ал балалар бар қуанышпен ұлттық алтыбақанды тепті. Биылғы жылы Зырянның таудай болған қары наурызда еріп кетпесе де, күн шуақты күн үлкендердің де балалардың да көңіліне жағымды әсер етті.

Қаншалықты жомарт ас-шай болса, алдағы жыл дәл солай мол әрі жақсы болады деп саналады. Зырян  мұрағатшылары Наурыз мейрамын тойлауда белсенді қатысты. Ұжыммен бірге мерекелік дастархан рәсімдері және әр түрлі ұлттық тағамдар да  әзірленді.  Адамдар жақындаған кезде наурыз көжеден, самауыр шайынан, бауырсақтан және тәтті тағамдардан ауыз тиді. Көңілді көңіл-күй, ризашылық сөздер барлығының мерекелік көңілдерін көтерді. 

Бұл шығыс Жаңа Жылы барлықтары үшін құтты болсын! Біз сіздердің жанұяларыңызға татулық пен бақыт, ал істеріңізге табыс тілейміз!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru