Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зыряндағы фотоқұжаттық көрме

2015 жылдың сәүір айында «Мемлекеттік мұрағат» КММ Зырян филиалында  «Зыряндықтар атыс – шабыс егістігінде және тылда» атты көрмесі қойылған. Көрме Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойына арналған.

Көрме стелаждарында зыряндық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және Кеңес Одағы  батырларының: П.С.Бочарников, П.Т.Брилин, А.А.Бурнашов, П.Ф.Кольцов, И.П.Копылов, Я.С. Котельников, Г.Т.Рыжов. Г.Б.Сафиуллин, М.Т.Харин, Н.П.Ильин, Ф.Ф.Урюмцев, Д.В.Бернацкийдің фотосуреттері қойылған.  Келушілердің ең негізгі көңілдері соғыс ардагерлерінің майданнаң жіберген хаттарына және соғыс жылдары Зыряндық кенбасқармасындағы шахтада әйелдердің ат арбасымен тер төге жұмыс істеген көрінісі бойынша қойылған фотосуреттеріне түсті.  1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін зыряндықтардың колхоздарда және кәсіпорындарында жұмыс істегені жайлы мақалалар тілшілер мен ұстаздарға, студенттер мен оқушыларға қызықты.  Зыряндық КП(б) хатшысы Донченкоға «Сталинградтың қайта құрылуына және танк коллонасының құрылысына жинаған қаражат үшін, Зырян ауданының еңбекшілеріне және Қызыл Әскерге алғысын және достық сәлемін жолдау» тақырыбында жазылған И.Сталиннін жеделхатының көшірмесі зыряндықтардың  тылдағы қайсар еңбектері жайлы айтылған.  Көрмеге Ұлы Отан соғысы ардагері Еловицкий Петр Васильевичпен жинастырылған ұстаздар естеліктері де еңгізілді.  Соғыс жылдары шақыртылған және қайтыс болғандардың тізімі Отан қорғаушыларының есімдерін сақтап қалды.

Көрме Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  «Мемлекеттік мұрағат» КММ Зырян филиалы құжаттарымен, Зыряндық және Бұқтырма военкоматтарының құжаттарымен, зыряндықтардың - Кеңес Одағы Батырлары атты жеке қорының құжаттарымен және де Зырян қорғасын комбинаты фотоқұжаттары арқылы әзірленген.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru