Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы, заманауи көзқарас»

2015 жылдың 22 сәуірінде «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы, заманауи көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция тақырыбы өте күрделі және қарамақайшы, біздің Отанымыздың, сондай-ақ таяу шетел елдерінің тағдырлары тарихи шұмаққа қиылысып кетті, кейде әскери уақиғалардың бір мағыналы емес түсіндіруі осы күнде бізден жүйелі және объективті көзқарасты, өткен кезеңнің уақиғаларына баға беруде адалдық пен жауапкершілікті, жарияланған, сонымен қатар жария етілмеген дереккөздерімен жұмыстың әдіснамасы мен тәсілін, олардың түпнұсқалылығы мен деректілігін анықтау спецификасын құрауды талап етеді. Бірақ, ол біздің тарихымыз, өткен өмірсіз болашақ жоқ, шындықтың бәрі мұрағаттық құжаттарда, олар өткен шақтың үнсіз куәгерлері, және біздің міндетіміз оларға «сөйлеуге» көмектесу.

Соғыстың бірінші күндерінен бастап-ақ кеңес сарбаздары мен офицерлердің көрсеткен ерлігі мен өзін-өзі құрбандыққа салғандығына қарамастан, жауды тоқтаталмадық. Соғыстың ақырғы күніне дейін Брест бекінісі мен Минск, Киев пен Одесса, Ленинград пен Сталинград, Севастополь мен Новоросийск, Керч пен Тула, Смоленск пен Мурманск батырлары шайқасты.

Ұлы Отан соғысы КСРО-ның жеңісімен аяқталды, бірақ қандай бағамен келді?! Кеңес халықтың тағдырына түскен, адами қайғы-қасіреті мен үлкен шығындары арқылы.

Конференцияның алдында, ШҚО мемлекеттік мұрағатының құжаттары бойынша әзірленген «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа – ұран. Подвиг – наследие народа, гимн будущему» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері өтті.

Пленарлық мәжілісте құттықтау сөздерімен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, Алибек Усербаевич Куандыков, ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің мұрағат ісі мен құжаттама Департаментінің директоры (Астана қ.), Алия Хусаиновна Мустафина сөз сөйледі. Баяндамамен: Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры – Алдияр Акылбекович Аубакиров, Өскемен қ.; Гавра университетіің (Гавра қ., Франция) профессоры, саяси ғылымының докторы – Пьер Шабаль; И.И. Ползунов ат. Алтай мемлекеттік техникалық университетінің Отандық тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты – Ольга Николаевна Шевцова, Ресей Федерациясы, Барнаул қ.; МАИ академигі, философия ғылымының докторы, Ташкент университетінің профессоры – Бахтиер Рахмонович Каримов (Ташкент қ., Өзбекстан) шығып сөйледі. Пленарлық мәжілісте «Ұлы Жеңіске менің отбасымның қосқан үлесі» байқауының жүлдегерлері дипломмен марапатталып, алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Түсткі астан кейін «Жаңа тарихының өзекті мәселелері: зерттеудің әдіснамасы және заманауи көзқарас» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелінде: С. Аманжолов ат. ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Советхан Кабдуалиевич Игибаев; «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ екінші санатты жоғары дәрежелі мұрағатшысы, Ажар Багитжановна Балтабаева, ҚР, Қостанай қ.; ҚР Президенті Мұрағатының құжаттардың ғылыми жариялау Басқармасының сарапшысы, Жібек Тұрарбекқызы Байқаш, ҚР, Алматы қ.; Шығыс Қазақстан өнер мұражайының экспозициялық-көрме секторының маманы, Лариса Ивановна Мартынова, ҚР, Өскемен қ. шығып сөз сөйледі. Қорытынды кезеңі қарар қабылдаумен аяқталды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru