Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

XVIII –халықтық спорт ойындарының Байрағы Зайсанда көтерілді

Ежелден өнердің бесігі, елдігіміздің төрі болған Зайсан мекенінде.

Күш атасы, қазақтың аңыз палуаны Балуан Шолақтың 150 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған 18 халықтық спорт ойындары Зайсанда өтті. Бір аптаға созылған спорттық жарыстың  22 түрінен жарыстар өтіп, спорт мерекесіне облысымыздың барлық аймақтарынан 5 қала, 14 ауданнан 19 команда  1600 спортшылар қатысты.

Жан –жақтан келген спортшылар спорттың 22 түрінен жарысқа өз аудан намыстарын қолдан бермеуге тырысты. Жеңіс тек мықтыларға бұйырары сөзсіз.

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған додалы жарыстың Зайсан жерінде  өткізілуі әрбір жүрегінде намыс оты бар, туған жерін сүйетін Зайсандықтар үшін зор мақтаныш, әрі абырой. Осы  айтулы мерекеге Зайсан қаласында жаңа ипподром құрылысы заманауи талапқа сай салынып, 2500 бәйге алаңы жасалды, 1500 көрермендер орны, көкпар алаңы, төрешілер бағанасы бар.

Қала көшелері гүлмен көмкеріліп, тазаланып, қаламыздың көркі ажарлана түсті.

18 маусымнан бастап қаланың орталық алаңындағы сахнада ауыл қонақтарына, жұртшылыққа арнап концерттік бағдарламалар қойылды.

Ашылу салтанатында театрландырылған көрініске 700 бала, 50 биші, мәдениет саласынан 50 өнерпаз өнер көрсетті.

Облыстық халықтық спорт ойындарының концерттік бағдарламасына ауыл округтерінен концерттік бағдарламалар берілді, республикаға белгілі, танымал өнер иелері Айткүл мен Қанат Құдайбергеновтар ұлдары әнші «Дарын» сыйлығының иегері Ерболатпен бірге, «Асыл мұра тобы»; көршілес Қытай Халық республикасынан 12 өнерпаз қатысып ән шырқады. Қала халқы, келген қонақтар ашылу салтанатында сан түрлі бояуларға қанық от шашуды, көк аспанға балалардың қолымен ұшырылған шарларды тамашалады. Спорт додасындағы мерекелік көңіл-күй бір сәтте ортаймады.

Иппордромның ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, Қазақстан Республикасының Ұлттық  Шекара Қауіпсіздік комитетінің ардагері генерал Болат Закиев, Қазақстан Республикасы ат спорт федерациясының президенті Сәдібек Түгел, Шығыс Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әділ Дөнбаевтар  қатысты.

Әр ауданнан келген спортшылар сайыстың әр-түрінен көптеген марапатқа ие болды. Аламан бәйге жарысында Көкпекті ауданының шашасына шаң жұқтырмаған тұлпарына жаңа көлік кілті бұйырды. Жарыс  нәтижесі әлі де саралану үстінде.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru