Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Наурыз мерекесі тойланды

22 наурыз 2014 жылы Ұлыстың ұлы мерекесі -Әз Наурыз Зайсан ауданында тойланды. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке күні күн де жадырап нұрлы шуағын сыйлады. Ауылдық округтер мен аудан мекемелерінің ұйымдастыруымен қонақтарды ұлттық киіммен қарсы алып, Наурыз көже таратылды, ұлттық тағамдардан дәм татырды. Желтоқсан көшесінің бойымен жүріп өткен аттар мен түйелердің келісті безендірілуі, ұлттық нақышта сахналық көріністері ерекше болды.

Жұртшылық назарына ән мен күйлер, ұлттық дәстүрімізді дәріптеген театрланған қойылымдар ұсынылды. Және бұл күні ауыл шаруашылық өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылды. Әз Наурыз мейрамы жоғары дәрежеде тойланды. Зайсан филиалының мұрағат ұжымы мерекеге ат салысып Наурыз көже дайындап жұртшылыққа таратты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru