Бөкеев О.
ШҚОММ: қ.1407, т.1, 39 сақт.бірл., 1961-2004 ж.ж.
Бөкеев Оралхан (28.09.1943 ж. – 17.05.1993 ж.) – жазушы –драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ Әдебиеті» газетінің бас редакторы.
Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген.
1963-1969 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.
1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.
1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспанасынан басылы шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы әңгімелер жинағы жас жазушының атағын шығарды.Осы баспадан оның «Үркер» (1971ж.), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973ж.), «Мұзтау» (1975ж.) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» (1978ж.) , «Үркер ауып барады» (1981ж.), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984ж.) әңгімелер мен повестері жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспанасынан шығарылды
1976 жылы Оралхан Бокеев «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтар лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградтарына ие болды.
1974-1983 жж. Оралхан Бөкеев «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.
Оралхан Бөкеевтің шығармашылық құжаттары: мақалалар – «Ұстаз қыз», «Көп үйреніп, көп жазайық», «Шабанбай шабындығында», «Махаббат туралы дастан», «Қаракөздің жалғасқан ғұмыры», «Дүниедегі ең қиын мамандық» (1964, 1981); очерктер «Қойшы жұлдыз», «Жастық оты», «Қыран көзі қияда», «Асуда», «Ақ марал» (1964-1967); әңгімелер - «Өзі сүйген», «Бұл бір сыр еді», «Жолда», «Ізтай», «Қош, махаббатым!», «Сарыарқаның жаңбыры» (1964-1967); новелла - «Мерекеңізбен» (1964); өлеңдер - «Оңаша ойлар», «Алғашқы нөсер», «Жүзік» (1963-1965).
Оралхан Бөкеев туралы құжаттар: мақалалар (1982-2003).
Оралхан Бөкеевтін бейнелеу құжаттары (1960-1983).





