Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қорлардың бас сақтаушысы

БАЕЛОВА АЛЬМИРА ТУГЕЛЬБАЕВНА - қорлардың бас сақтаушысы - құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі 

Қорлардың бас сақтаушысы міндетті:  

1) ҚР ҰАҚ құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша мемлекеттік архив және оның филиалдарының бөлімдер жұмысына бақылау жасауға;
2) қала және облыс ұйымдарынан, мекемелерінен ҚР ҰАҚ құжаттарын қабылдауын ұйымдастыруға, мемлекеттік сақтауға тапсыратын әр түрлі тасымалдаушылардағы архив қорларын және құжаттарын қабылдауын қамтамасыз етуге;
3) әр түрлі тасымалдаушылардағы құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін қаматамасыз етілуіне бақылау жасауға;
4) нормативтік тәртіпті жасап сақтау бойынша және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру, архив қорларын тиісті физикалық жағдайында сақтау, сонымен бірге
  - құжаттардың бар болуы мен жай-күйін тексеру, табылмаған істерді іздестіру;
  - бірегей және аса құнды құжаттарымен жұмыстар кешенін жасау;
  - реставрацияға, тұрақтандыруға, тігу мен түптеуге, сақтандыру көшірмесін жасауға жататын құжаттардың құрамы мен көлемін анықтау қызметін бақылау бойынша жұмыстарды үйлестіріп қадағалауға;
5) облыстың мемлекеттік архиві және оның филиалдарының негізгі және қосымша есеп құжаттарын жүргізу мен толтыруына тексеру жасауға;
6) «Шығыс Қазақстан облысының электрондық архиві» АБЖ және құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін қаматамасыз ететін басқа автоматтандырылған архив технологиялардай бағдарламалық кешенді енгізуіне бақылау жасауға;
7) қызметтің профильді бағыттары бойынша болашақ және ағымды жоспарларын әзірлеп орындауға, жиынтық есептерді, архив қорларының төлқұжаттарын құрастыру, облыстың мемлекеттік архиві және оның филиалдары қорларының құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер жасауға;
8) құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін қаматамасыз ететін сұрақтары бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындаумен айналасуға, архив дамуына бағытталған бағдарлама жобаларына ұсыныстар беруге және олардың іске асуына қамтамасыз етуге;
9) мемлекеттік архивінің және оның филиалдарының жұмыс тәжірибесіне зерттеу нәтижелерін, әдістемелік зерттемелерін, жаңа архивтік ақпараттық технологияларын зерттеп енгізуге, ең оңтайлы құжаттарды сақтау, реставрациялау, консервациялау, көшірмелеу мен қорғау жүйесін және әдістерін енгізуге;
10) құжаттардың сақталуын және қорғауын ұйымдастырып, олардың физикалық жағдайын жақсарту үшін, сақтандыру көшірмелерін және пайдалану қорының сақтандыру көшірмелерін жасау үшін техникалық құралдардың номенклатурасын анықтауда қатысуға;
11) облыстың мемлекеттік архивінің ішкі тәртібін және жұмыс тәртібін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғау ережесі мен қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге, АҚ және ТЖ бойынша оқу жүргізуге;
13) құжаттарды қорландыру сұрақтары бойынша бақылау жасауға;
14) құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуге;
15) орнатылған тәртібінде архив директорының тапсырмасы бойынша мекемелер мен ұйымдарға құжаттарды уақытша пайдалануға, сонымен қатар көрмелерге қою үшін беру сұрақтарын шешуге;
16) ерекше кезеңде құжаттарды эвакуациялау, төтенше жағдайларда құжаттарды құтқару бойынша іс-шараларда қатысуға;
17) құпиялы іс жүргізуді атқаруға;
18) мемлекеттік архивтің ғимараттарын тиісті техникалық қолдануын қамтамасыз ету;
19) облыстың мемлекеттік архивінің ғимараттарында өрт және күзет дабылдама жұмысына, тиісті тәртіпте өрт сөндіру жүйесінің жұмысына бақылау жасауға. 

Байланыс телефоны: 8(7232) 25-43-10

 
 
 

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru