Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

В.Ф.Подрезовтың жеке текті құжаттары сақтауға тапсырылды

Виктор Федорович Подрезов цирк училищесін бітірмеген және ешқашан цирк алаңына шыққан жоқ. 35 жыл Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының балқыту цехында жұмыс істеп шықты. 40 жасынан 60 жасына дейін Шығыс Қазақстан облысы күшті үшсайысы (пауэлифтинг) бойынша чемпионы болды.Тек ақырғы 5 жыл ардагерлер санатында қатысып шыққан, ал 15 жыл тұғырда жастармен тепе-тең күрескен.

В.Ф.Подрезов

Виктор Федорович семей циркінің тарихын және біздің аумағымызда цирк өнерін қалпына келтірді. Сол туралы 2006-2007 жылғы «Мир искусств» газетінде мақалалар топтамасы бар. Аңызды семейлік, Поддубныйдың шәкірті және Хаджы Мұқанның досы, Василий Ярковтың кіршіксіз даңқын ұмытылудан құтқарды. Ол туралы Қазақстан және Ресей газеті мен журналдарында 40 жарияланымдар жазып шығарды. Атлетизмды насихаттайтын, барлығы атлетикалық спорт туралы 150 жарияланымдар басып шығарды. Бірақ ол кәсіби журналист, зерттеуші-өлкетанушы және спорт тарихшысы болмаса да, барлық осы қадыр-қасиеттерінде өзін көрсетті.

В.Ярков, 1934ж.

Жеңістің 60-жылдық мерейтойына «Герои фронта – герои спорта» атты кітап басылып шықты, 2007 жылы – «Атлеты Восточного Казахстана», 2010 жылы – «Восток – поэзия силы».

2012 жылы «Сила титанов. История русской силы в рассказах и очерках» атты кітап басылып шықты. Бірінші бетінен ақырғы бетіне дейін – бұл күштің, адамның бекзаттылығына және батырлығына  әнұраны. Кітапта тарихтағы әйгілі тұлғалардың күш рекордтары туралы бірегей ақпарат жинақталған, атвор өзінің мақсатын, спорттың атлетикалық түрлерін әйгілеуде, жастарды дене жаттығуларымен белсенді айналысуға қатыстыруда, денсаулықты нығайтуда және зиянды әдеттерден бұруда көреді.

Виктор Федорович, Шығыс Қазақстан облысындағы спортты дамыту тарихы бойынша топтаманы толықтыратын, өз құжаттарының бөлігін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына сақтауға тапсырды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru