«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет»
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері Жігер Сәрсенбаев және Даниил Гончармен кездесу өтті. Іс-шараға ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов та қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Адал азамат» тұжырымдамасының қағидаттарын ілгерілету.
МҚІА ШҚО бойынша департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті талаптарын, қызметтік әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеуге және мемлекеттік қызметтер көрсетуде адал болуға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ заңгері Тырек Ешенгелдиев мемархив ұжымы үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында оқыту сабағын өткізіп, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмысының негізгі қағидаттары, ішкі бақылау тетіктері және ықтимал бұзушылықтар анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.







