Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Ашық есік күні»

21 қыркүйек күні ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «ШҚО мемлекеттік архиві» КММ Алтай аудандық филиалында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай қаласының технологиялық колледжі» КММ «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және архивтану» мамандығының студенттері қонақ ретінде қатысты.

Студенттер үшін «Архив тарихы» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында студенттер сұрақ-жауаптарға қатысып, Зырян-Алтай қаласының тарихы бойынша білімдерін көрсетті. Сондай-ақ қонақтар «Алтай қаласының өзгеру тарихы» атты бейнероликті тамашалады.

Іс-шара соңында студенттерге архив секторлары мен архив қоймасына экскурсия ұйымдастырылды. Архив қызметкерлері құжаттарды қалыптастыру мен қабылдаудан бастап, оларды мемлекеттік архивте сақтауға дейінгі жолын көрсетті.

Іс-шара қорытындысын шығару барысында жастар архив қызметкерлеріне өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, жауап алды. Бағдарламаға қатысушылар архивтер тарихы туралы жаңа білім алып қана қоймай, жарқын әсерге бөленді. Студенттердің көпшілігі тарихи құжаттармен жұмыс істеу өздері ойлағаннан әлдеқайда қызықты болғанын атап өтті. Ал архив енді олардың түсінігінде шаң басқан сөрелер емес, тарих қайта жаңғыратын орын ретінде қалыптасты.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru