Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Архив және болашақ ұрпақ»

«Архив және болашақ ұрпақ» атты жыл сайынғы жоба аясында 2026 жылдың 18 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «ШҚО мемлекеттік архиві» КММ Риддер филиалында өлкетану жұмысының өңірлік компонентін өскелең ұрпақ арасында жүзеге асыру мақсатында сынып сағаты форматында Кенді таулар жүрегіндегі 240 жыл» (Риддер өзені Филлиповка бойында тау-кен инженері Ф.Ф.Риддердің  пайдалы қазбалар кен орнын ашқанына 240-толуына арналған). тақырыбында Риддер қаласының №11 жалпы білім беретін мектебінің 6 «ә», 5 «а», 5 «ә», сынып оқушыларына «Ашық есік» өткізілді, іс-шараға барлығы 48 оқушы 5 педагог қатысты.

Көрме барысында оқушылар Риддер қаласының қалыптасу және даму тарихымен, маңызды тарихи оқиғаларымен, тарихи нысандарымен және қаланың дамуына елеулі үлес қосқан белгілі тұлғалармен танысты.

Іс-шара аясында танымдық ойындар мен викториналар да ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сонымен қатар, өткізілген ойындар оқушылардың туған қаласының тарихын тереңірек зерделеуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруға ықпал етті.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru