Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Зұлмат жылдар жаңғырығы: ұмытылмас тарих сабақтары»

Көптеген жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қазіргі күннен қаншалықты алыс болса да, әрдайым есте сақтау қажет жаппай саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болғандарды еске алуға арналған іс-шараларды өткізіп келеді және оларға белсене қатысады. 2026 жылғы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «ШҚО мемлекеттік архиві» КММ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар жаңғырығы: ұмытылмас тарих сабақтары» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының профессоры А. А. Өскембай және «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ғ. Кашакуның баяндамалары тыңдалды.

«Саяси қуғын-сүргін туралы архивтік құжаттар» тақырыбында ғылыми-анықтамалық аппарат, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің басшысы Т.В. Шустова баяндама жасады.

Бүгін саяси қуғын—сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні күнтізбедегі күн ғана емес. Бұл біздің ортақ ұлттық жадымыздың және ата-бабаларымыздың төзімділігіне деген құрметіміздің символы.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru