Ұлы Отан соғысының ардагері Баубек Бұлқышевтың туғанына 110 жыл толуына арналған іс-шара
Алтай филиалында «КІТАП-AMANAT» партиялық жобасы аясында көрнекті қазақ жазушысы, публицист, Ұлы Отан соғысының ардагері Баубек Бұлқышевтың туғанына 110 жыл толуына арналған іс-шара өтті.
Оның шығармалары терең патриотизмге, ерлік пен Отанға деген сүйіспеншілікке толы. Жазушының өмір жолы мен шығармашылығы бүгінгі ұрпақ үшін нағыз үлгі болып табылады. «Қаһарман есімі — мәңгілік» атты патриоттық сабақ тарихи мұра мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Берікжан Бекбусинов құттықтау сөз сөйлеп, біртуар тұлғалардың мұрасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. «Тілдерді оқыту орталығы» КММ маманы Риза Кәкенқызы Бегалина мемлекеттік архив қызметкерлеріне арналған танымдық сабақ өткізді. Онда Баубек Бұлқышевтың шығармалары талқыланып, қатысушыларға тақырыптық тапсырмалар ұсынылды.
Кездесу соңында Алтай филиалының директоры Сабырбек Кәкенұлы Сейілханов қонақтарға мазмұнды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, мұндай бастамалардың жастар тәрбиесіндегі маңызын айрықша атап өтті.

.jpeg)






