Федорова Р.С.
ШҚОМА: 1508 қ., 2т., 92 с.б., 1918-2012жж.
Федорова Раиса Самуиловна (15.12.1939 ж.т) – Шығыс Қазақстан облыстық тарих және өлкетану мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, өлкетанушы.
Ғылыми және академиялық-педагогикалық қызметтің құжаттары.
Ғылыми еңбектері: тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған «Краеведение Восточного Казахстана» диссертациясы; «Сибирская жизнь и казахстанское краеведение» ғылыми жұмысы, ШҚМУ(УКПИ)-дың 50 жылдық мерейтойына арналған тарихы бойынша қолжазба, мақалалар, конференция презентациясы, дәріс жазбалары және тарих мамандығы бойынша дәрістер мен семинарларға арналған жұмыс оқу бағдарламалары (1970-2011).
Сын-пікірлер, шолулар, библиография: Р.С. Федорованың ғылым кандидаты диссертациясын қорғауға арналған құжаттары; Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінен алынған «Под грифом секретности. Откочевки казахов в Китай в период коллективизации. Реэмиграция. 1928-1957гг » (1979-2011) атты құжаттар жинағына шолулар, сын-пікірлер.
Р.С. Федорованың жетекшілігімен орындалған курстық және дипломдық жұмыстар: студенттердің дипломдық және магистрлік диссертациялары:«Школьное краеведение по страницам журнала «Преподавание истории в школе», «Отмена крепостного права и Алтайский горный совет», «История села Дородница (Серебрянского района Восточно-Казахстанской области)», «Школы города Усть-Каменогорска (1917-1994гг.)», «Промышленное развитие Риддера – Лениногрска (1786-1995гг.)», «Город Усть-Каменогорск: история улиц», «Очерки истории Самарского района Восточно-Казахстанской области», «Очерки истории Глубоковского района Восточно-Казахстанской области», «Гимны: Казахстана, стран Ближнего и Дальнего Зарубежья (исторический аспект)» және т.б. (1987-2006жж.).
Р.С. Федорованың өмірбаянына арналған құжаттар: мектеп құжаттары, орта мектепті бітіргені туралы аттестатының көшірмелері, ШҚМУ(УКПИ)-тін бітіру туралы дипломы, диплом құжаттары, тарих ғылымдарының кандидаты дипломы, доцент куәлігі, өмірбаянының көшірмесі, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, әріптестерімен және студенттерімен (1947-2012жж.) түскен фотосуреттері.
Оның жұмысы және қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша жиналған құжаттар: басылымдардан үзінділер, КСРО Орталық мемлекеттік тарихи архивінен, КСРО Ғылым академиясынан, Қазақ КСР Орталық мемлекеттік архивінен және танымал тоғыз томдық «Казахи» анықтамалығынан алынған архивтік құжаттар; Шығыс Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі құжаттары; Қазақстандағы археологияның дамуы туралы құжаттар, Семей, Зырян, Зайсан, Глубокое, Көкпекті, Катон-қарағай аудандарының тарихы, мұражайлардың даму тарихы, Қазақстандағы кітапханалар тарихы, Шығыс Қазақстандағы мерзімді баспасөз тарихы, қазақ мемлекеттілігінің тарихы, қимақтар, қыпшақтар, керейлер, наймандар тарихы, білім беру орталықтарының тарихы, адамзаттың шығу тегі тарихы туралы бағдарламалар, арнаулары бар Қазақстан тарихы бойынша бағдарламалар (1918-2007жж.).





