Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Республикалық референдумды дайындау және өткізу шеңберінде

2026 жылғы 05 наурызда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты»ЖШС басшысы, «Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, конституциялық комиссияның мүшесі А.Т. Ашимовамен және Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Е.А. Мұхтархановпен кездесу өтті.

Ашимова Аяужан Тұрсынбекқызы жаңа конституция жобасының негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, ұсынылған өзгерістер биліктің әділдік, заңдылық және халық алдындағы жауапкершілігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің жаңартылған институционалдық моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Е.А. Мұхтарханов еліміздің әрбір тұрғынының өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, референдумға қатысуы маңызды екенін атап өтті.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru