15 наурыз - Республикалық референдум
2026 жылғы 03 наурызда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де ақпараттық сұхбат өтті. 2026 жылғы 11 ақпанда елдің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды.
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ директоры А.Қ. Жапаров жаңа Конституцияның әділ мемлекетті дамытуға бағытталғанын атап өтті. Конституциялық өзгерістер әрқашан бүгінгі күн тәртібін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығын да айқындайды. Алдағы референдумға қатысу бұл азаматтардың елдің болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіру үшін саналы таңдауы. Әр азаматтың пікірі мен таңдауы маңызды. Сондай-ақ, референдумға 18 жасқа толған азаматтар қатыса алатынын атап өтті. Өзіңізбен бірге төлқұжат немесе жеке куәлік болуы керек. Референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайын call-орталықтың 1414 немесе 109 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.








