Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ұрпақтар сабақтастығы

17 қаңтарда "Горняк" мәдениет үйінде "Ұрпақтар сабақтастығы" тақырыптық іс-шарасы өтті, онда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалы қатысып, көрмеге Құрметті азаматтар В. П. Колганов, П. Ф. Дяглев, П. Т. Полянский туралы газет мақалаларын, фотосуреттерін сондай-ақ "Еңбек Қызыл Ту ордені" үкіметтік наградасын тапсыру туралы архив құжаттарын ұсынды.

Алтай филиалында сақталған 1972 жылғы 23 желтоқсандағы № 153 "Заря Востока" және 1972 жылғы 28 желтоқсандағы № 257 "Рудный Алтай" газеттерінде КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толуына орай "Никольский" совхозының директоры В. П. Колгановтың мерзімінен бұрын астық жинап, мемлекетке ет, сүт, жүн сату жөніндегі жылдық жоспарларды асыра орындағаны үшін мерейтойлық белгі берілгені туралы мақалалар жарияланған.

Сондай-ақ, баспа басылымдарында Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған Павел Тимофеевич Полянский туралы, Петр Федорович Дяглев туралы мақалалар жарияланған.

«Еңбек» сөзі соңғы жылдары жаңа күшпен естіліп жүр. Қазақстан республикасының Президенті жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған 2025 жылы да ерекше мәнге ие болады. Еңбек адамын дәріптеу дәстүрі бүгінгі күнге дейін сақталған.Бұл таңқаларлық емес, өйткені дәл осы бағытта біздің қоғамда көп жұмыс жасау керек.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2025
Рейтинг@Mail.ru