«Сквозь призму документа» кітабының тұсаукесері өтті
2024 жылғы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында тарихшы - өлкетанушы Дурново Ирина Васильевнаның «Сквозь призму документа» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта автордың 2012 жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивта сақталған архивтік құжаттар негізінде жазған мақалалары ұсынылған, Шығыс Қазақстан тарихы бойынша қызықты жаңа фактілер ашылады. Тұсаукесер Дурново Ирина Васильевнаның кітап жазу туралы әңгімесімен сүйемелденді. Тұсаукесерге шақырылған қонақтар өлкетанушы, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі Алдияр Акелбекұлы Әубәкіров, Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік архивінің директоры Самат Нұрланұлы Рахметов, Матвеева Наталья Семеновна «Звено Алтая»Шығыс Қазақстан облыстықәдебибірлестігініңбасшысы, О.Б. Каланчина, Н.Л. Краснобаева, Т.В. Шустова, Л.П. Рифель.