Парыгино ауылына 200 жыл.
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Парыгино ауылының тұрғындары ауылдың 200 жылдық мерейтойын атап өтті. Мереке күні Парыгино ауылының қалыптасуының 200 жылдығына орай ескерткіш стеланың салтанатты ашылуы болды. Мерекенің ашылу салтанатында Алтай ауданының әкімі Р.Т.Кұрманбаев ауыл тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.
Осы мерейтойға Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер баскармасының «Меммлекеттік архив» КММ Алтай филиалының директоры С.К.Сейлханов және архив қызметкерлері қатысып қайтты.
Мереке күні Парыгино ауылының тұрғындары мен қонақтарына әртүрлі сайыстар, мерекелік концерт және жәрмеңке ұйымдастырылды.