Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Өскемен қаласының құрметті азаматтары

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де тұрақты жұмыс істейтін «Ертіс жеріндегі із» фотоқұжаттық көрмесі аясында 2022 жылғы 13 қазанда «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» көрмесінің тұсау кесері өтті.

Іс-шараға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Журналистика» мамандығының 2,3 курс студенттері және облыстық мемлекеттік архивтің қызметкерлері қатысты.

Көрменің презентациясын облыстық мемлекеттік архивтің құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің архивисі Адилбекова Бақытгүл Қабдыслямовна жүргізді.

Көрмеде көрсетілген құжаттар жеке тектік қорлардан, «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» құжаттардың бірлескен қорынан, «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945» құжаттардың коллекциясынан алынған.

Көрсетілген құжаттар, фотосуреттер, газет қиындылары Өскемен қаласының мәдениетін, ғылымның дамуына зор үлес қосқан, Қазақстанның тәуелсіздігін қорғаған азаматтар туралы бейнелейді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru