Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архив қоры толығуда

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалының қорына Алматы қаласында 6 қазан 2021 жылы өткен «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Орта Азия республикалары аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін (жаңа мұрағат деректері аясында)», республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары және «ХХ ғасырдың 20-50 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтап алу» мемлекеттік комиссиясының құжаттары атты - 2 томдық кітаптарды Ғибадат Ғаббасұлы арнайы әкеліп, табыстады.

Осы ауқымды тақырып бойынша Зайсан филиалы архивінің оқу залында, 2021 жылдың қыркүйек айында арнайы комиссия жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты Балтабаева Күлгазира Нұранқызы Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Марқакөл аудандық соты, прокуратурасы, халық депутаттары Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Марқакөл аудандық атқару комитеттерінің, фотопозитив тағыда басқа қор құжаттарымен жұмыс істеп, мәліметтерді зерттеуге жинақтаған болатын. Бүгінгі күні сол өлшеусіз еңбектің нәтижесін көрсеткен бұл еңбектер, архив жұмысынада елеулі септігін тигізетін, гуманитарлық ғылым саласындағы, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттеріне, жалпы оқу залына келуші, зерттеушілерге дайындалған, зерттелген «саяси қуғын-сүргін құрбандары» туралы жаңа архивтік деректермен толықты. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru