Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

"Архив және болашақ ұрпақ"

21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалында Қазақстан Республикасы Президентінің "Балалар жылын жариялау туралы" Жарлығына сәйкес Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен "Архив және болашақ ұрпақ" жобасын іске асыру мақсатында «Ашық есік күні өткізілді». Ол "Алтай жоғары колледжінің" студенттері, мен КММ "№ 11 мектеп" және "№ 1 арнайы мектеп-интернатының"оқушылары үшін 3 кезеңде өтті. Архивистер "Архив" ұғымымен балаларды таныстырып, Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік архивтің Зырян филиалы қалай құрылғаны туралы дәріс оқыды. Филиалдың жинақтау, толықтыру көздерімен танысты. Филиал жұмысының негізгі бағыттары, құжаттарды қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар мен студенттер архив қоймасын үлкен қызығушылықпен тамашалады.

Архивтің кіре беріс залында 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы Зырян кен орнын игеру тарихын ішінара көрсететін фотоқұжаттардан көрме жасалды. Студенттер мен оқушылар үшін бұл күн пайдалы және танымды болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru