Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ашық есік күні

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 «Балалар жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ және оның филиалдарында «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күні өткізілді.

Облыстық мемлекеттік архивінде іс-шара екі кезеңде өткізілді, оған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тарих және журналистика факультеттерінің студенттері, қоғам өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының «Мемлекеттік архив» КММ директоры Рахметов Самат Нұрланұлы құттықтау сөз сөйледі.

Студенттер алдында құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Шустова Татьяна Владимировна, ведомстволық архивтерді толықтыру және және бақылау бөлімінің басшысы Лебедева Лариса Михайловна, Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Бекниязқызы Жангүл, архивист Жапарова Қырмызы Дауылбекқызы сөз сөйледі.

Мемлекеттік архив қызметкерлері студенттерге Қазақстан, кіші Отан тарихын зерттеудегі архивтердің рөлі, азаматтарға олардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды көмек көрсету,облыстың архив қызметін ұйымдастыру тарихы туралы айтып берді.

Қатысушылар архивтік құжаттарға жылдам және қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық технологиялармен таныса алды.

Студенттер құжаттар қоймасына үлкен қызығушылықпен барып, құжаттарды сақтау шарттары мен тәртібімен танысуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ,мемлекеттік архивтің Зайсан, Риддер және Алтай филиалдарында Ашық есік күні өткізілді.

Филиалдардың іс-шарасына Х.Мұстафина атындағы Зайсан қалалық мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары мен мұғалімдері, Зайсан аудандық «Достық» газетінің журналистері,ардагер-архивисттер, аудандық мәслихат депутаты А.Ахметжанова,Риддер қаласының «№1 мектеп лицей» КММ 10 сынып оқушылары, колледж оқушылары «Архивтар және архивтану» мамандығы бойынша қатысты. Алтай қаласы.

Архивисттар оқушыларды «Архив» ұғымымен таныстырып,архив қоймасы бойынша шолу экскурсиясын өткізді. Әңгімелесу барысында оқушылар филиалдар жұмысынң негізгі бағыттары туралы білді: мемлекеттік архивтарға құжаттарды қабылдау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттарды пайдалану және оларды жариялау, филиалдардың толықтыру көздерімен танысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru