Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Жеңісті жақындатқандар» атты сабақ және экскурсия өтті

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалында 04 мамыр 2021 жылы Жеңіс күніне орай, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арнап «Жеңісті жақындатқандар» атты тақырыппен сабақ өтті. Қосымша сабақпен бірге архивтің ішіне экскурсия өткізілді. Сабақ пен экскурсияға Зайсан қаласындағы Ломоносов атындағы мектептің 8ә - сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымен бірге тарих пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі Арай Мұратханова қатысты. Оқушыларға архивте сақталудағы «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құжаттары» қорындағы майдангерлердің құжаттарынан, соғыс кезіндегі ерлік жолдары туралы архивист Дүсүпжанова Алмагүл айтып өтті. Құжаттардың: оның ішіндегі майдан даласынан жазылған, «далалық почта» арқылы келген хаттардың түпнұсқаларымен, ардагерлердің өмірбаяндарымен, фотосуреттері көрсетіліп, таныстырылды. Және өте құнды құжат капитан Қ.Боқажановтың 1942 жылғы Шығыс Прусссиядағы әскери - майдан іс-әрекеттері картасының түпнұсқасын көздерімен көрді. Соғыс кезіндегі жазылған жауынгердің күнделігінен, соғыстағы әр күнгі әрекетерін оқып берді.

 Сабақтан соң оқушылар осы келген уақыттарын тиімді пайдаланып, құжаттар сақталатын қоймаларға кіріп, құжаттардың қалай сақталып тұрғанымен таныстырылып, экскурсия жүргізілді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған фотоқұжат көрмесін тамашалап, суретке түсті.

 1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісті  ұрпақтар мәңгі ұмытпайды.

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru