Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының 125-жылдық мерейтойы

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің атынан шын жүректен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұжымын 125-жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

1986 жылдық 20 наурызында Өскемен қаласының озық ниеттенген тұрғындарының, «Қайрымдылық және халық білімі қоғамы» мүшелерінің бастамасымен оқу залы бар ақылы халық кітапханасы құрылды. Міне, осылай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының тарихы басталды. XIX ғасырдың соңында кішкентай ғана алыс түкпірдегі орналасқан Өскемен қалашығында кітапхананың құрылуы қаланың мәдени өміріндегі бір озық оқиғаларының бірі болды.

Ең басында кітап қоры өте кедей болды. Кітап қорының негізін А.Н. Федоровпен, Е.П. Михаэлиспен, О.Ф. Костюринмен, И. Емельянцевпен және басқа саяси жер аударышулармен сыйға тартылған кітаптар құраған. Жаппай сауатсыздықтан оқырмандар тобы өте санаулы болды, кітаптармен дәулетті ауқатты кісілер ғана пайдаланған.

Кітапхананың көп бұрынғы оқырмандары ғалымдар, саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер, өндірісшілер, әртістер, педагогтар, жұмысшылар және тағы басқа дәрежелі болды.

А.С. Пушкин атындағы кітапханасының даму кезеңдері – ол Өскемен қаласының даму кезеңдері.

Қазіргі таңда, Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы оқырмандардың алуан түрлі сұраныстарын қанағаттандыратын күрделі механизмін құрайтын Қазақстан Республикасының ірі кітапханаларының бірі болып есептеледі.

Облыстық кітапхана мәдениеттің ең маңызды орталықтарының бірі болып қала береді. Заманның талаптарына сай, кітапханада ақпараттық технологиялар енгізілуде: электрондық каталогтар құрылып, кітаптар цифрландырылып жатыр, кітапханааралық каталогта жұмыс жасау мүмкіндік жасалып отыр. Жоғарғы технологиялар ғасырында да «Пушкинка» Кітаптар Ордасы болып қала береді.

Ең басты жетістік – ол жас ұрпақты әдебитетті оқуға тарту, білімге деген қызығушылықты ояту, үйлесімді және зияткерлік тұлғаны тәрбиелеу.

Сіздерге, айтулы дәстүрлеріңізді ары қарай сақтап оларды арттыруды тілейміз!

Кітапхананың ұжымына заманмен қатар жүріп, сүйікті істен оң заряд алуға тілектеспіз!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru