Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«JAS ARHIVIST – 2019»

2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек.

2019 жылдың 20 желтоқсанында Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде «JAS ARHIVIST – 2019» салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасырның аясында, биылғы Жастар Жылына және Архивисттер Күніне арналып ұйымдастырылды. Онда облыстық архивінің және жеке құрамы бойынша Өскемен филиалының жас мамандары қатысты.

«JAS ARHIVIST – 2019» бағдарламасының шегінде ұйымдастырушы комиссиямен ұйымдастырылған байқау мен ойындар барысында, жастар тек өздерінің кәсіби біліктілігі мен жоғары деңгейдегі білімін ғана емес, сонымен қатар жасампаз ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін көрсетті.

Жастар еліміздің негізгі драйвері, жаңарудың негізін салушы қозғаушы күш. Осындай дәстүр жас мамандарға демеу болуға және дамуына, олардың кәсіби өсуіне, "Рухани жангыру" идеологиясын дәріптеу үшін платформа болуы мүмкін.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru