Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алтай қаласында фотокөрме

Алтай қаласының өлкетану залында 1968 жылы Өскемен қаласында құрылған «Кристалл» фотоклубының көрмесі өтуде. «Кристалл» фотоклубы жұмыс істеген жылдар ішінде ондаған фотографтардың шығармашылығына арналған платформа болды, олардың көпшілігі өз өмірін кәсіби тұрғыда фотоөнермен байланыстырды. Фотосуреттері Алтай қаласындағы көрмеге қойылған клуб мүшелері - түрлі мамандық иелері мен кәсіби фотографтар, көптеген халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушылары. Барлық ұсынылған фотосуреттер өзінің стилі мен сипаты бойынша әр түрлі: жылдың түрлі мезгілдеріндегі пейзаждар, жануарлар, адамдардың түрлі эмоциялары мен т.б. Көрмеге барған кезде фотосуреттердің өзінің құпиясын тартумен өз әлемін ашатындығына куә боласың. 2019 жылдың 29 шілдесінде көрмені қызықтауға барған Алтай филиалының архив қызметкерлері Губарева Оксана Владимировна мен Красовская Елена Леонидовна ұсынылған жұмыстарға үлкен ықыласпен және қызығушылықпен қарады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru