Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Шығыс Қазақстан қазақтарының мемориалдық сәулет өнері»

2019 жылдың 10 қаңтарында Алтай (Зырян) қ. өлкетану музейінде «19-20 ғ. басында Шығыс Қазақстан қазақтарының мемориалдық сәулет өнері» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Фотокөрменің негізіне «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында жүргізілген ҚазБСҚА-ның профессоры, сәулет докторы Эскандер Байтеновтың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу экспедицияларының материалдары алынған. Экспозицияда ШҚО Аягөз, Зайсан, Тарбағатай және Ұлан аудандарында орналасқан жиырма ескерткіштің фотосуреттері ұсынылған. Көшпенді қоғамда ұлы борыш ата-бабаның есімін дәріптеу және мәңгі есте қалдыру идеясы болды. Шығыс Қазақстанда исламның таралуымен кесенелер құрылысына ерекше мән бере бастады. Шығыс Қазақстанның халық мемориалдық сәулетшілігінде тек қана сырлы кірпіш қолданылған, бұл аймақтың өзіндік ерекшелігі болып табылады. Көрмеде ұсынылған ескерткіштер сырлы сәулеттің тамаша үлгісі болып табылады. Зайсан көлінің, Тарбағатай жотасының аудандарында ағаш кесенелер таралды. Рулық тамырларды білу қазақтардың мәдени өмірі мен діни көріністерінде маңызды орын алады. Көптеген мавзолейлер ұмытылғанына қарамастан, ата – бабалардың қабіріне деген қызығушылықтың өсуі-бұл көп ғасырлық тарихы мен даму болашағы бар маңызды және қызықты құбылыс. Фотокөрмеге Зырян архивінің мұрағатшылары С. Вельц пен О. Губарева қатысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru