Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Шырша шамдарын жағу рәсімі

2018 жылдың 24 желтоқсан күні Қалбатау ауылының орталық алаңында шырша шамдарын жағу рәсіміне ұйымдастырылған мерекелік шара өтті. Мерекелік іс-шара аудан әкімінің орынбасары А.М. Ибраевтың құттықтауынан басталды.

Сонымен қатар, ауданымыздың 90-жылдығы аясында Жарма ауданының дамуына үлес қосқан аудан тұрғындарына мерекелік төс белгі табысталды. Олардың ішінде Жарма архивінің зейнеткерлері де бар: Цой Елена Сергеевна, Мухамеджанова Кульзихат Калымбековна.

Жаңа жылдық мерекенің ертегі кейіпкерлері — Аяз ата мен Ақшақар, сондай-ақ жыл иелері көпшілікті келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, театрландырылған қойылымды ұсынды. Аудандық мәдениет үйінің әртістері жаңа жылдық әндер орындап, билер ұсынды.

Мерекелік шарада бас шыршаның шамдарын жағу құрметі оқуда көрсеткен көптеген жетістіктері үшін Георгиевка орта мектебінің оқушысы Хасенова Гүлзатқа берілді. Осындай көңілді шараның соңы мерекелік отшашуды тамашалаумен аяқталды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru