Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зыряндағы Бөкей оқулары

27 қыркүйекте Зырян ауданы әкімдігінің «Горняк» мәдени-сауық орталығы КМҚК» қалалық Бөкей оқулары өткізілді. 2018 жылдың 28 қыркүйегінде дарынды жазушы, драматург, журналист, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында туған қазақтың ұлы жазушысы Оралхан Бөкеев 75 жасқа толды. Осы іс-шараға Зырян қаласының орта мектептерінің оқушылары қатысты. Олардың арасында конкурстық бағдарлама өткізілді. Байқауға қатысушылар Оралхан Бөкеевтің шығармаларынан мемлекеттік тілде үзінділер мен слайдтар оқыды. Көрермендер мен мектеп оқушылары жазушының көптеген шығармаларын естіді, сондай-ақ байқауға қатысушылардың назарына театрландырылған көріністер ұсынылды.

Шара барысында ОҚК кітапханашысы Г.Ж. Нұрметова сөз сөйледі.

Көрермендер үшін викторина өткізіліп, Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru