Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян архивіне саяхат

2018 жылғы 03 наурызында Зырян филиалында дәріс – экскурсия өткізілді, оған Зырян қаласының № 11 мектебінің оқушылары шақырылды.  Мұрағатшы С.А.Вельц оқушыларға Зырян қаласының және Зырян ауданының қалыптасуы және дамуы жайлы, құрылысы және қала құраушы кәсіпорындар жайлы айтып әңгімеледі. Балаларды адамдар өмірінің тарихынан хабардар етті. Оқушылар Зырян ауданының дамуы, Тұрғұсын ГЭС құрылысы, Зырян ауданы Зырян уезінің қарапайым тұрғындарының фотоөмірі суреттерін аса қызығушылықпен қарады.  Сонымен қатар оқушыларға Зырян архиві бойынша саяхат жасап, саяхат барысында олар архивтің рөлі, келіп түскен құжаттардың сақталу ережелері, олардың өңдеуі және сақтауы, Мемлекеттік архивтің жұмыс істеу мақсаты мен міндеттері жайлы, Қазақстан архивінің құрылу тарихы,  Зырян қаласы архивінің басталуынан бастап заманауи үлгідегі ғимаратқа дейін құрылу тарихымен таныстырылды. Балалар дәріс – экскурсиясы аяқталғаннан кейін аса қызығушылықпен әр түрлі сұрақтар қойып белсенді қатысты және де бұл сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды. Әңгімелесу өткізілгеннен соң балалар өткен мен қазіргі таңның айырмашылығын көрді.  

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru