Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Президент Архивінің директорымен кездесу

2017 жылдың 16 маусымында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының орныбасары Р.К. Нурмуханованың, Глубокий ауданының мемлекеттік архиві мен Шемонаиха ауданының мемлекеттік архиві директорларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорымен, Борис Аликенович Джапаровпен кездесу өтті. Кездесу барысында архив ісінің ақпарттандыру саласындағы мәселелер талқыланды.

 

Кездесуді Р.К. Нурмуханова кіріспе сөзімен бастады.

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, Борис Аликенович Джапаров «Электрондық архив» АБЖ тұсаукесерін ұсынды. «Электрондық архив» ақпараттық жүйесінің басты мақсаты – архив қызметінің негізгі бағыттарын ақпараттандыру болып табылады, олар: Ұлттық архив қоры құжаттарын жинақтау, есепке алу, сақтау және пайдалану болатынын белгіледі.

Облыстың мемлекеттік архивінің негізгі және де күрделі мәселелері бойынша Е.В.Костина шығып сөйледі. Елена Валерьевна Шығыс Қазақстан облысының «Электрондық архиві» туралы және облыстың мемлекеттік архивінің филиалдарына ЭЛАР АБЖ ендіру туралы айтып өтті. Қазіргі кезеңде, мемлекеттік архивтің барлық филиалдары АБЖ негізгі модульдеріне жұмыс жасайды.

«Есеке алу және топографиялық көрсеткіштер» мен «Жабдықтау» модулі бойынша бөлімінің жетекшілері, А.Т. Баелова және Л.М. Лебедева бяандама жасады.

Архив құжаттарын пайдалану саласы – архив жұмысының ажырамас бір бөлігі болып саналады. Осы тақырып бойынша ҒАА, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің жетекшісі, Т.В. Шустова сөз сөйледі.

 

Кездесу соңында Борис Аликенович ақпараттық технологияларды ендіру және архив құжаттарын пайдалану саласында өзара ынтымақтастық құруды ұсынды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru