Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян қаласындағы Мерейтой

16.03.2017 жылы Зырян қаласының Мусоргский атындағы Музыкалық мектебінің 60-жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті. Жас дарындар мектеп оқытушыларының қолдауымен алған өз өнерлерін және таланттарын көрермендерге көрсетті. Вокалистер, мектептің хореографиялық ұжымы, талантты музыканттар өздерінің қойылдымдарымен залда отырған көрермендерді қуантты.

Шақырылғандардың арасында бұрынғы оқытушылар - озық еңбек ардагерлері, бұрынғы мектеп директорлары, әр жастағы мектеп түлектері болды. Шығармашылық есепке: Зырян ауданының Әкімі, аудан әкімінің орынбасары, Мәслихат хатшысы, білім, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары, БАҚ өкілдері, Зырян ауданының кәсіпкерлері, мұрағатшылар, қазіргі оқушылардың ата-аналары  қатысты.

Мектептің 60 - жыл толуына орай, Зырян мұрағатына мектептің тарихы мен қалыптасуы жөніндегі кітап сыйға тартылды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru