Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Нәзік жандыларға рахмет айтамыз...

Көктем, табиғаттың алғашқы жаңаруы және бұл күнде нәзік әйел қауымын 8-наурыз мейрамымен құттықтағым келеді. Әлбетте бұл көктемнің шуақты күні бәрімізге белгілі, өйткені Қазақстандық әйелдер қазіргі таңда ер адамдармен қатар терең жұмыс атқаруда.

Көп еңбекті талап ететін аудандық архив мекемесінде нәзік жанды әйелдер мыңдаған әртүрлі саладағы құжаттармен аудандық тұрғындаға жұмыс атқарады. Қоршаған ортаға көп мәлім емес, бірақ өте маңызды жұмысты архивтің нәзік жанды қызметкерлері аса біліктілікпен атқарады. Архивке жүгінушілерден өтінішті қабылдайтын және сол өтінішті орындайтын Алмагуль Садуева мен Ардак Абылканова, ал аудандық мекемелердің әр бес жыл сайын архивқа тапсыратын құжаттарды толымдау жұмыстарын Жамал Сахарина, Гульбахор Моллахаджиева, Мадина Сванбаева атқарады. Барлық архивтік құжаттарды есепке алу жұмысын білікті Динара Калиаскарова атқарады. Ал архив қорларын сақтаушы жұмысын атқаратын өте жас болсада, өте білікті Айман Кадыргалиева. Кадырлық жұмыстарды және анықтамаларды жүгінушілерге дайындайтын Жанар Саркабиева. Ал Гульнур Мамаева – архив мекемесінің тазалық жұмысын атқарады.

Сондықтан, бұл күнде архив мекемесінің нәзік жандылары аудан тұрғындарының алдында талапты, жігерлі, белсенді және үлкен құрметке лайық.

  ШҚО мәдениет, архивтер және
  құжаттама басқармасының
 «Мемлекеттік архив» КММ-сінің
  Жарма филиалының директоры
  Б.Рахимов

 «Қалба тынысы» газеті  10 наурыз 2017 жыл №10(8956)

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru