Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Алтай ботаникалық бағы негізін қалаушы»

2017 жылдың 01 және 03 наурызында облыстық мемлекеттік архиві Риддер филиалының архивисі Галина Давыдова «Риддер аграрлы-техникалық колледжі» КМКК БУ-16 топ оқушыларымен және «Риддер қаласының Орталықтандырылған жүйелі кітапханасы» КММ қызметкерімен «Алтай ботаникалық бағы негізін қалаушы» атты фотоқұжаттық көрме жөнінде экскурсия өткізді.

Көрме өлкетанушы, Лениногор қаласының Құрметті азаматы, Петр Александрович Ермаковтың 130 жылдығына арналды (филиалдың оқу залында 2016 жылдың желтоқсанына бастап қолданылуда).

(1935-1944жж.) Алтай ботаникалық бағының негізін қалаушы және тұңғыш директоры, ара бағушы, солдат, ұстаз, Петр Александровичтың қызметік өмірі туралы баяндалған құжаттар 4 планшетке орналастрылыған. Көрмеде Петр Александровичтың кәсіби қызметіне қатысты керемет құжапттардың көшірмесі көрсетілген. Олар ССР Академия ғылымының Қазфилиалы бойынша Ермаков Петр Александровичті қабылдау туралы бұйрық Алтай ботаникалық бағының меңгерушісі (02 наурыз 1934ж.), қолдан жазылған өмірбаян (02 желтоқсан 1934ж.), Алтай ботаникалық бағын ұйымдастыру жөнінде СССР ғылыми Академия Қазфилиалының Президиумы мәжілісінің №1 хаттмасының көшірмесі (07 қаңтар 1935ж.), Петр Александрович Ермаковтың СССР ғылыми Академия Қазфилиалының кадр есебі бойынша жеке беті (28 қаңтар 1935ж.).

Колледж оқушылары мен ОЖК қызметкерлері Петр Александрович Ермаков туралы ұсынылған материалды аса қызығушылықпен тыңдады, қойылған сұрақтарға толықтай жауап алды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru