Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян қаласында көрменің ашылуы

19 қаңтарда Зырян қ. Орталық қалалық кітапханасы жанындағы өлкетану Залында, өзіндік суретші, тамаша ақын, талантты композитор Жавдат Измайлович Ханюковтың жеке көрмесінің ашылуы болды.

Презентацияға суретшілер, жазушылар, фотографтар, мұрағатшылар, музыкалық мектеп ұжымы және т. б. қатысты. Презентация қонақтары оның таңғажайып өмірбаянымен, шығармашылығымен танысып, әсіресе бірегей пейзаждар мен ерекше орындау техникасын атап өтті. Жавдат Измайлович Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің Лауреаты. Оның жұмыстары Алматы, Астана, Мәскеу қалаларының көрмелеріне қойылған. Жекелеген суреттері Өскемен қ. өнер мұражайларында, Германия заманауи өнер мұражайларында және жеке коллекцияларында сақталған. Ол өлеңдер жазады, сурет өнерімен айналысады, музыка құрастырады, аранжировка өңдеу және музыкалық шығармаларды өңдейді. Оның әндері «Туған Жер әуендері» ШҚО композиторлары шығармалары жинағына енгізілген.

«Ерен еңбегі үшін» Мерейтойлық медалімен, 2-ші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты - 1987ж., «Еңбек Ардагері» медалімен - 1988; «Ерен еңбегі үшін» медалімен -2001 ж. марапатталған. Одан әрі мұрағат Ж. И. Ханюковтың  жеке тектік құжаттарын  жинауды жоспарлауда.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru