Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Тәуелсіздік туы аясында

2016 жылы 25 қарашада  Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұрағатында Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында  «Тәуелсіздік туы аясында» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, «Шығыс Қазақстан: бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы  1991-2016 ж» фотоқұжаттық көрмесі ұсынылды.

Мұрағат директоры Т.Т. Түсіпбеков келген қонақтарды осы айтулы мереке күнімен құттықтай отырып, Тәуелсіздігіміздің баянды да берекелі болуына тілектестігін білдірді және осы жолда ерен еңбектері мен елге деген шексіз махаббаттарының құрбаны болған халық перзенттерінің  жүріп өткен тар жол тайғақ кешулерін ендігі жас ұрпақ үнемі естерінде ұстаса,бағаласа құба құп болатындығына тоқталды. Салтанатты жиында Шығыс  Қазақстан облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының орынбасары Нұрмұханова Р.Қ. жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы үшін аса маңызды, алар орны ерекше тарихи мәнге ие белес, деді өз сөзінде. Жиынға келген қонақтар: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ: тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің тәрбие жұмысы бойынша денанының орынбасары Ж.А.Калимолдина «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары», ШҚМУ магистрі Д.Самратова «Тәуелсіздік жылдарындағы Шығыс Қазақстанның экономика саласындағы жетістіктері » және осы мұрағаттың архивисті А.Манапова «Шығыс Қазақстан : бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы  1191-2016ж» атты әсерлі де мағыналы  баяндамаларын оқып жиналған көпшіліктің ықыласына бөленді.

Шырайлы Шығысымыздың кешегісі мен бүгінін айғақтап тұрған фотоқұжаттық көрмеге ден қойған қонақтар шараға ризашылықтарын білдірді.       

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru