Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алтын Тұрғұсұн» -2016

2016 жылдың 8-10 шілдесі аралығында Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында «Алтын Тұрғұсұн -2016» атты IX халықаралық өнер фестивалі өткізілді. Фестивальдың өтуіне идеялық дем беруші шығыс–қазақстандық атақты танымал жазушы, ақын, тілші Александр Иванович Егоров  болды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Зырян қаласының жұртшылығы Александр Ивановичтің 90-жылдық мерей тойын атап өтті.

Алдағы сегіз фестивальда Александр Иванович аталған форумның Президенті болған, ал биылғы жылы денсаулығына байланысты фестивальға келе алмады, бұл әрине оның шығармашылық жанкүйерлерін біраз толғандырды, алайда жоғары технологиялар ғасыры ғой, оған фестивальдің барлық оқиғаларын ұсынуға БАҚ және ғаламтор желілерінде жарияланатын бейне және суреттер көмектеседі.

 

Мемлекеттік мұрағаты жыл сайын фестивальды ұйымдастыруға белсене қатысады: мұрағат қорларында  мәңгілікке сақталып қалатын, Зырян ауданының тарихында көрінетін оқиғалар хроникасын жүргізеді, аталған іс-шараларды насихаттауға ықпал етеді, фестивальді дайындау және өткізу жөніндегі жұмылдырылған жұмыс ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен қарым-қатынасты жүзеге асырады.

Жылына бір рет өтетін фестиваль, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, еркін және бейбіт елде өмір сүретін адамдардың жетістіктерін, халықтың тұрмыс деңгейі қаншалықты дамығанын көрсетті. Егер нан туралы мазасыздық екінші жоспарда болса, онда адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік туындайды деген нанымды ешкім де жоқшылыққа шығармайды. Әр-бір адамда өзге адамдармен қарым-қатынасын ашуға көмектесетін шығармашылық әлеует бар.

Жаз бұл жылы ерекше жауынды, күн күркіреумен, бұршақ жауып,  жаз және күз айларында болмайтын нөсер жауын, маусым айына соншама қайтарымсыз көктен су құйылған...

Бірақ фестиваль күндері кенеттен ауа райы тынышталып, және барлық үш күн бойы осы күнді арнайы тосқандай ашық, жайлы болды! Шегі жоқ болып көрінген жаңбыр да кенеттен тоқтаған, бұл адамдардың ауа райының ашық болуына ұжым болып тапсырған тапсырмасын табиғат өзі орындаған тәрізді...

Ал бір жылдары фестивальды жаңбыр құйып тұрғанда да өткізген кездер болған, бірақ әуесқойларды Кутиханың табиғат аясында жиналу ешбір тоқтатпады. Өйткені көптеген адамдар жан-жақтан фестивальға ғана емес, сонымен қатар олар үшін туысындай және жақын болып кеткендіктен қонақ ретінде туыстарына келеді. Фестиваль қонақтары мен қатысушылардың пікірлері бойынша, бұл іс-шаралар олар үшін ауадай қажетті: себебі олар еңбек демалыстарын осыған орай уағдаласады, достарымен кездесуге келіседі, орман өміріне дайындалады: бұрын соңды ойламаған туристік жарақтарды сатып алады. Араларында мүлде орманға шықпаған тек қана фестиваль үшін орманға шыққан  адамдар да бар. Қалалық балалар үшін тірі табиғатпен тілдесу таза ауасын жуту өте тиімді;саңырауқұлақ түрлі жемістер қалай өсетінін көзбен көрудің өзі бір ғажайып. Сарқырап ағып жатқан тау өзенінің өзі керемет! Ал сұлулығы шатқалында, Тұрғысын өзені ағып өтеді, сондықтан оларды деген сөзбен сипаттау мүмкін емес тек көріп  және таң қалу.   Бұл шығармашылық адамдар үшін шабыт алуға мүмкіндік беретін орын десек артық айтпаған болар едік. Біздің өңірде көп әдемі орындар бар, алайда Кутиха ауданындағы Тұрғысын өзені – бұл табиғатпен берілген керемет бір көрініс, оны өз көзімен көру қажет! Бірнеше жылдан бері бұл жерге ақындар, жазушылар, авторлар мен бардовский өлеңдерін орындаушылар, суретшілер, фототүсірушілер, сәнді – қолданбалы өнер шеберлері келеді, алайда табиғат жыл сайын оларға жаңа бейнесін көрсетіп тұрады, өзен арнасы өз деңгейін үнемі өзгертіп тұрады, бірде арнасына сыймай жатса, бірде тартылып, төмендейді, өсімдіктер де жылға қарап өзгеріп тұрады. Жастар үшін- бұл жер айтарлықтай қиял, бір талай адамдар фестивальда өздерінің теңдерін де жолықтырып жатты, отбасын құрғандары бар.

Фестивальды ұйымдастыру биылғы жылы оңайға түспеді, қаражат жағы кедергілер келтірді. Фестивальға алыстан құрметті қонақтарды шақырғымыз келген еді, алайда жол шығындарын төлеу, тамақтандыру және оларға жатын орындарын ұйымдастыруға қаражат болмады. Сыйлықтар қорын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Фестивальдың өз есебі жоқ, алдағы уақытта оны ашу қажет, себебі фестиваль бүгінгі күнде уақытша ғана емес, болашағы бар, ал келесі жыл фестивальдың 10 жылдық мерей тойы!

Алайда қиыншылықтар жөнінде форумға қатысушылар  ұйымдары ойланбаған да еді, фестивальдың жаңа Президенті Раиса Алексеевна Шульмина шағын қолдау көрсету тобымен барлық кедергілерді ерлікпен еңсеруге тура келді.  «Казцинк» АҚ былтырғы жылдардағыдай биыл да көмектерін аямай, Өскеменнен келетін қонақтарға екі автобус бөлді. Зырян орман шаруашылығы көрермендер үшін орындықтарды жаңалап және даярлады,  тасымалды шағын-электростанциясын беріп және жанар маймен қамтамасыз етті,  «Зырян Тәртіп» ЖШС өскен биік шөптерді шауып, дәретханалар мен қоқыс жәшіктерін қойды. Жергілікті кәсіпкер В.И. Поросятьев жаңа сахнаны жасауға көмектесті. Сыйлық қорын қалыптастыруға: бас демеуші «Тұрғысын-1» ЖШС(Алматы) –директоры Калаубек Есенбекұлы Баймуханбетов, «Зырян ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімі» ММ Асқарова Жанна Асқарқызы, «Құндыз» ЖШС- Владимир Николаевич Дериглазов, «Е.В. Щетинин» ЖК, «Н. Тарановский» ЖК, «Е.М. Яковлева» ЖК, «Токарев»ЖК,  «Н. Понькина» ЖК, «Ю.Денисова»ЖК, Виктор Маркович Корж.

Осындай түсінігі мол адамдардың арқасында  өнер фестивалі –бұл адамдарды біріктіру, жалпы мемлекеттік достастыру үшін қажетті іс, шығармашыл жастардың жетістіктерін одан әрі шығармашылық әлеуетін ары қарай арттыру мақсатында олардың еңбектерін және қабілеттерін бағалау мүмкін болды. Біз өзіміздің демеушілерімізге түсініктері мен қайырымдылықтары үшін өте ризамыз! 

Фестиваль шығармашылық ұжымдардың, талантты жастарды қолдауға,  жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қоғамның және мемлекеттік құрылымдардың мәселелерде күш-жігерді біріктіру мақсатында, шығармашыл жастарды іздеу және қолдау, талантты адамдарды көтермелеу және олардың кәсіби шеберлігін насихаттау, шығармашылық даму үшін жағдай жасайды.

Біз фестивальді ұйымдастырған  құрылтайшылармен ұйымдастырушыларға көп алғыс білдіре отырып, өнер мерекесі жоғары деңгейде өткізілгенін мақтанышпен айтамыз.

Тұрғысын  СЭС гидроқұрылысшылары бұрын автобус жүре алмайтын, фестиваль алаңына дейінгі жолды ретке келтірді. Кутиха ауылына жол енді тегістеліп барлық жеңіл көліктер жүруге және де Зырян қаласына 40-50 минутта жетуге болады.

Бір де бір фестиваль бір-біріне ұқсамайды, бұл әрине қызықты. 2016 жылғы фестивальдың ерекшелігі жастардың көп болғаны. Бұл өте қуантарлық жайт.  Жастар өздерінен үлкендерге барып, біраз сабақтар ала алды. Фестиваль жай күндері кездеспеген үлкен көлемдегі адамдарды достастырды.

Қатысушылар мен көрермендердің арасында бір де бір фестивальды жібермегендер де бар!  Адамдар бұл фестивальға тек қана қатысу үшін ғана емес, сонымен қатар, Тұрғұсұн  өзені бойында кеңінен жайғасқан табиғат көрінісін тамашалап, оның тылсым күшін сезіне алады. 

Фестиваль шығармашылық ұжымдардың, талантты жастарды қолдауға,  жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қоғамның және мемлекеттік құрылымдардың мәселелерде күш-жігерді біріктіру мақсатында, шығармашыл жастарды іздеу және қолдау, талантты адамдарды көтермелеу және олардың кәсіби шеберлігін насихаттау, шығармашылық даму үшін жағдай жасайды.

Фестиваль өзінің бір ерекшеліктерімен қызықты болғандықтан, әр біреуінде өзімізге деп көптеген ашылымдар жасадық және фестиваль қатысушыларының кең диапазонды адамдардың шығармашылықтары таң қалдыра білді. Алдында өткізілген фестиваль номерлері қайталанбайтындықтан, барша халық жыл бойы өнер мерікесінің өткізілу күнін күтеді. 

Келген күні фестиваль алаңының әр-бір жерінен қуанышты дауыстар, қауышып жатқандар, бір-бірін көңілді қарсы алғандардың дауыстары естіліп жатты. Осы тоғыз жыл ішінде көптеген адамдар бір-бірімен кездеспесе тұра алмайтындай тамаша достар тауып алды, ал олармен кездесу тек қана осы Кутиха өңірінде...

Мектептің бұрынғы түлектері –фестивальға қатысушылар, олар енді Рессей мен Қазақстанның түрлі жоғарғы оқу орындарының талапкерлері өздері туралы, фестивальдық сахнаға шығу тәжірибелері арқасында оларға кез-келген аудиторияда өздерін еркін сезіне алатындықтарын айтты.

Әр-түрлі конкурстық бағдарлама номинациясында барлығы 178 адам қатысты; қонақтар мен көрермендер саны 1500. Қатысушылар мен көрермендер географиясы өте кең;  Алматы, Степногорск, Астана, Омбы, Барнаул, Москва, Санкт-Петербург, Махачкалы, Түмен, Ханты-Мансийка, Набрежных Челнов, Нерюнгри, Маската (Араб Эмираты) және Шығыс Қазақстанның  әртүрлі аудандарынан болды.

Фестивальдың екінші күні тура және ауыспалы мағнада әжептәуір ыстық болды:  шапағын төккен күн сәулесі, ашық көгілідір аспан, сарқыраған өзен сыбдыры, таулы жердің таза ауасы,шөптердің аңқыған иісі- адамдардың көңілін көтеріп тұрғандай! Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер әдеттегідей көп. Жас қатысушылар өздерінің өнерлерімен қонақтарды және қатал қазылар алқасын да қуанта білді. Кәсіпқойлар жас қатысушыларға өз білген өнерлерін білімдерін ортаға салды, бұл сабақ жастар үшін үлгі болып қалады.

Биылғы жылы алғаш рет балалар конкурсы болды, бұл жаңалық барлығына да ұнады. Фототүсірушілер, сәнді – қолданбалы өнер шеберлері өз өнер лерінің көрмесін ұйымдастырды. Халықта дарындылар көп, біз бұған тағы да куә болып отырмыз.

Зырян қаласының музыкалдық мектебі ұстаздары биылғы жылы концерттік алаңда өз өнерлерін ортаға салып, іс-шараларға белсене қатысты. Бұл көрермендерге қатты ұнады! Мамандар өз шеберліктерін жастарға көрсетіп, егер де музыкаға шындап берілсе, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатыдығын айқындап берді. Музыка мектебінің бұрынға түлегі Нейфельд Артемның кәсіби вокал, сырнайда ойнауы, шын мәнінде көрермендер үшін аса бағалы сыйлық болды.

Илья Кулевтың сөзіне жазылған керемет орындаушы Елена Бирюкованың орындауындағы ән көрермендерге шаттық сыйлады, әр шығыс қазақстандықтың жүрегінде туған өлкесіне деген шаттық сезім, сүйіспеншілік бар, оны еш-бір уақытта, алыс белестер де, қашықтық та өшіре алмайды. Олар қай жаққа кетсе де, қай жерде тұрса да туған жерге деген ыстық ықыласы тартып тұрады. Біздің жерлестердің алыста тұрып және әр фестивальға көңіл бөлулері қол шапалақтары мен үн қатулары, олардың өз өлкелері туған және ыстық болып қалатындағы туралы айтады, олар да әр таланттың ашылуына бізбен бірге қуанады!

 

Лауреаттар мен дипломанттар:

IX Халықаралық «Алтын Тұрғұсын» өнер фестивалі

         «Балалар» номинациясы

Арнайы диплом «За яркость и эмоциональность вокальных произведений»

Аким Шумейко (Санкт-Петербург қ.)

«Поэзия» номинациясы

Лауреат: Қуаныш Мактиев (Жаңа- Бұқтырма к.)

Надежда Максимова (Зырян ауданы Серебрянск қ.)

I дәрежелі диплом  иегері Игорь Сотников (Зырян қ.)

II дәрежелі диплом  иегері– Владимир Сметанин (Зырян қ.)

III дәрежелі диплом  иегері– Мария Прокопьева (Алматы қ.)

Арнайы дипломдар:

Евгения Колясникова ( Өскемен қ. ) - «Ең жақсы балалар тақпақтары үшін»

Татьяна Ясная (Зырян қ. ) –«Ең жақсы өлең шумағы үшін»

«Проза» номинациясы

I дәрежелі диплом  иегері – Лариса Доренгоф (Зырян қ.)

II дәрежелі диплом  иегері – Игорь Сотников (Зырян қ.)

III дәрежелі диплом  иегері –Надежда Максимова (Зырян ауданы Серебрянск қ.)

Арнайы дипломдар:

Сауле Тлеубергенева (Зырян қ.) – «Кутиха» кітабы

Нина Ершова (Глубокое ауданы Предгорное ауылы) – «За литературоведческие исследования казачьего фольклора»

Владимир Шарапов (Зырян қ.) –  «Қайырлы таң, адам!» кітабы

«Авторлық өлеңдер. Автор-орындаушы»  номинациясы

Лауреаттар:  «Коан» тобы (Семей қ.)

«На троих»  тобы (Семей қ.)

I дәределі дипломы: Андрей Сергунов (Зырян қ.)

Александр Мишанов (Өскемен қ. )

 II дәрежелі дипломы: Татьяна Ясная (Зырян қ.)

Андрей Меломед (Зырян қ.)

«Фольклор» номинациясы

I дәрежелі дипломы  –«Иволга» тобы (Зырян ауданы,Первороссийское ауылы)

II дәрежелі дипломы  –«Воля» ансамблі  ( Зырян ауданы, Соловьёво ауылы)

Арнайы дипломдар:

«Товарки» ансамблі (Глубокое ауданы, Предгорное ауылы) – «Дәстүрлі казак мәдениетін сақтау үшін»

 «Чалдонцы» Ансамблі ( Глубокое ауданы Предгорное ауылы) – «Дәстүрлі казак мәдениетін сақтау үшін»

 «Сударушки» Фольклорлық тобы ( Зырян ауданы,Чиркаин ауылы) – «Шығармашылық ғұмыр үшін»

«Вокалдық-орындаушылық өнер» номинациясы

Лауреаттар: Елена Бирюкова (Өскемен қ.)

Анастасия Куринская (Серебрянск қ. – Барнаул)

«Подружки» тобы (Зырян қ.)

I дәрежелі дипломы  –Газиз Аужанов (Семей қ.)

II дәрежелі дипломы : Берік Турканов (Серебрянск қ.)

Асхат Ахметов

«Аспапта орындаушылар» номинациясы

Арнайы  дипломы «Фестивальдың ашылуы»- Артём Нейфельд (Зырян қ.)

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы

Лауреат – Нариман Хурдаев (Дагестан, Махачкала қ.,)- күмістен жасалған әшекей заттар

Арнайы дипломы

«Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын құруда креативі жақындау үшін»: - Самойлова Ирина( Зырян қ.) –  пластиктен жасалған қуыршақтар

- Овчинникова Анастасия (Зырян қ.)- сутажные әшекейлер

- Абраменков Александр (Зырян қ.) – ағаш қабығынан жасалған бұйымдар

«Фото өнер» номинациясы

Лауреат –Владислав Бекерле (Серебрянск қ.)

I дәрежелі дипломы – Алла Максимович (Өскмен қ.)

 II дәрежелі дипломы– Сергей Филимонов(Өскемен қ.)

 III дәрежелі дипломы – Александр Мишанов (Өскемен қ.)

Арнайы диплом

Дмитрий Глазьев (Зырян қ.) - «Зырян қ. суреттерін ауыспалы күнтізбесін құрағаны үшін»

Сергей Силантьев (Серебрянск қ.) – «Көрме экспозициясының байлығы мен әсемдігі үшін»

Оргкомитет арнайы дипломдары:

«Фестивальға адалдықпен» - Кулёв Илья Павлович- әдеби қазылар алқасы төрағасы

- Матвеева Наталья Семёновна- әдеби қазылар алқасы мүшесі ;

- Бирюкова Светлана Владимировна- фотоискусство бойынша қазылар төрайымы;

Корж Виктор Маркович –фестиваль құрметті фотокорреспонденты

«Ауданның әдеби естелігін сақтау үшін» - Медведева Нина Григорьевна

 «Алтын-Тұрғұсын-2016» фестивальдың конкурстық әділқазы алқасы

«Әдеби өнер» номинациясы бойынша

1.Кулёв Илья Павлович –Ресей Кеңес жазушыларының мүшесі Қазақ бөлімінің төрағасы, қазылар алқасы төрағасы

2. Матвеева Наталья Семёновна –«Звено Алтая» облыстық әдеби бірігушілігінің төрайымы, Ресей Кеңес жазушыларының мүшесі

3.Медведева Нина Григорьевна – «Бухтарминские радуги» Зырян әдеби клубының төрағасы, Ресей Кеңес жазушыларының мүшесі

4.Герасимов Николай  Петрович – Ресей Кеңес жазушыларының мүшесі

5.Каланчина Ирина Борисовна –Өскемен қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Орталық өлкетану ақпарат қайраткері.

 

Музыкалық өнер (Авторлық өлеңдер. Вокалды орындау. Фольклор)

1.Халилова Надежда Ивановна –  «Зырян ауданы әкімдігі Зырян қаласының балалар музыкалдық мектебі» КМҚК директоры

2.Тайбаш Анатолий Александрович – Ресей Кеңес ақындарының мүшесі; «Алтын Тұрғұсұн-2011» фестивалінің Лауреаты; фестивальдің құрметті қонағы (Нерюнгри  қаласы)

3. Степанов Сергей Анатольевич – Ресей Кеңес ақындарының мүшесі; «Алтын Тұрғұсұн» фестивалінің екі мәртелі Лауреаты; фестивальдің құрметті қонағы (Набережные Челны қаласы)

4.Анцибор Александр Алексеевич – «Мәдениет орталығы» мекемесінің музыкалдық жетекшісі

5.Филимонова Елена Алексеевна – Зырян ауданының «Досуг » КМҚК директоры

Сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері.

1.Шульмина Раиса Алексеевна – БММ директорының орынбасары, фестивальдің президенті, қазылар алқасының председателі.

2.Гончарова Галина Владимировна- «Зырян ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры

3.Жунусова Сауле Тюлюказыевна –Зырян ауданының «Досуг» КМҚК мекемесі бойынша маманы

Фотоөнер

1.Бирюкова  Светлана Владимировна – «Кристалл»  фотоклубының жетекшісі (Өскемен қаласы)

2. Корж  Виктор Маркович –фотокорреспондент; Зырян қаласы және ауданы бойынша үш альбомның авторы; фестивальдің қадірлі қонағы

3.Гришин Алексей – штаттан тыс газет корреспонденті  «УМЗ-информ».

 

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама басқармасының 
«Мемлекеттік мұрағат» КММ Зырян
филиалының  бас мұрағатшысы
С.И.Тлеубергенева

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru