Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жеңіс мерекесі тойланды!

Зайсан мемелекеттік мұрағат ұжымы 09 мамыр 2016 жылы Зайсан ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылармен, қаза тапқандарға арнап қойылған мемориалды ескерткішке гүл-шоқтарын қойып, тағзым етті. Салтанатты шараны аудан әкімі А.Оңдақанов ашып, Д.Ыдырышев Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен мәслихат хатшысы  құттықтады.

Отан үшін от кешіп, майдан даласында мерт болған жауынгерлер рухына Мәңгілік Алау жағылып, 1 минут үнсіздік жарияланып, еске алынды. Шекара қызметіндегі жауынгерлер, мектеп оқушылары, қала  ұжымдары мен тұрғындары бұл мерекеге ұйымшылдықпен ат салысты. Аудандағы тірі жүрген 9 соғыс ардагерлеріне құрмет -қошемет көрсетілді. Соңынан орталық алаңда салтанатты шеру болып, мерекелік қойылымдар қойылды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru