Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алаш Туы Аясында

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының  Мемлекеттік  мұрағатында қазақтың  көрнекті   қоғам  қайраткері, «Алаш» партиясының  көшбасшыларының  бірі , Әлихан  Бөкейхановтың  150-жылдығына, Тәуелсіздігіміздің  25-жылдығына  арналған  «Алаш туы аясында» атты  фотоқұжаттық  көрменің  тұсаукесері  болып өтті.

Қазақ  тарихында  ақтаңдақ іздері  қалған, қанды қасіретке айналған сонау  қырғын  жылдар халқымыздың  жүректері  қазақ деп соққан асыл да ардақты перзенттерінің  басына  қара бұлтша үйірілді. « Өткенімізге үңілмей болашақты  болжау мүмкін  емес» деп Елбасымыз ескертіп   кеткендей,  ұлт  зиялыларының ауыр  тағдыры  сол  замандағы Кеңес өкіметінің   қасаң да озбыр, астыртын  саясатының  салдары  екендігін  бүгінгі  таңда  жаңа буынның  патриоттық сезімін оята отырып, саналарына  жете  түсіндіру  мақсатында  өткен көрме -  келушілерін  аса асерлі  деректерімен, фотосуреттерімен, мәнді де  құнды мәліметтерімен  қызықтыра түсті.  Келушілер арасында  Өскемен қаласының  құрметті  азаматтары, журналистер,  БАҚ өкілдері, жергілікті  телевидение  тілшілері, мұрағат  бөлімшелерінің  қызметкерлері  болды. Көрмені  ұйымдастыруға  жұмыла  атсалысқан  мұрағат ұжымы, соның ішінде  «Құжаттардың  ғылыми-анықтамалық аппараты, оларды  жариялау  және  ғылыми  пайдалану бөлімі» жетекшісі  Шустова  Т.В.,  осы бөлімнің  қызметкерлері : Мухамеджанова  У.К., Курмангалиева Р.Р., Сейтказина  А.Ш. және ақпараттық  технологиялар бөлімі қызметкерлері  ерекше  белсенділік  танытты.

Көрме соңында  фото- шежірелеге  үңілген  қонақтар қызу талқылап, осындай  іс –шаралар міндетті түрде жалғасын табуы керектігін айтып өз ойларымен  бөлісіп  жатты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru