Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян қаласындағы Ұлы Жеңіс күні

2015 жылдың 9-шы мамырында Зырян қаласында Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл толуына байланысты шеру өткізілді. Зырян қаласының және Зырян ауданының тұрғындары Ұлы Отан соғысы батырларын еске алып, құрмет көрсету үшін баршасы келді. 

Мерекелік коллонаны Зырян ауданының әкімі Салимов Ермак Бидахметұлы және ПарламентМәжілісініңдепутаты Ферхо Светлана  Ивановна басқарды.

Бұл шеруге соғыс ардагерлері, тыл еңбек ерлері, аламандар – ауғандар, Зырян тау –байыту комплексінің еңбекші ұжымының өкілдері, Зырян ауданының барлық ұйым және кәсіпорын өкілдері қатысты. 

Біздің қаламызда екінші жыл өткізіліп жатқан «Бессмертный полк» акциясы, әр жан ұяда бір батыр барын және зыряндықтардың жүректерінде құнтты сақталғаны жайлы еске түсіреді.  Оқушылар, студенттер, ересек жастағылар өз туысқандарының фотосуреттерін алып жүрді.  Түсірілімдерде олардың біз үшін және балаларынын болашағы үшін өз өмірлерін берген  әкелері, аталары және арғы аталары қарап тұрды.  Уақыт өтті, және нағыз елдің отаншылдарының арқасында, Отанымыз аяғына тұрды, зоводтар және фабрикалар, тау кәсіпорындары жұмыс істей бастады, ал ең бастысы халықта бағалы – Татулық, Достық пайда болды ! Еш ойланбастан Отан үшін жанын құрбан еткен адамдарға үлкен рахмет,  біз оларды мәңгілік есте сақтаймыз !  Ұлы Отан соғысына қатысқан сарбаздар жайлы естеліктерді сақтау  -  біздің намысымыз, біздің қарызымыз.

Орталық алаңның ең негізгі жерлерінде 70 жыл бойы елімізде тыныштық орнағанына себепкер болған ұлы Отан соғысы жылдары ерең еңбек еткен ардагерлер және тыл еңбекерлері – біздің жерлестеріміз отырды. Ардагерлердің көз алдарында рейхстагқа қалай қол жеткізгендігі және батырлар-қазақстандықтар-зыряндықтар жайлы театрланған көрініс көрсетілді.  Ардагерлерге өз аталары жайлы естеліктерді балалары қаншалықты ардақтайтындығын «Жеңіс Немерелері» атты мерекелік дефеле арқылы көрсетті.  Мереке әрі қарай Даңқ Барқынына веноктарды қоюмен және ардагерлерге арналған концерт өткізумен жалғасын алды. Кейін ардагерлерді аудан әкімі Салимов Ермак Бидахметұлына мерекелік қабылдауға шақырды. Мәдениет Үйінің залында Отан қорғаушыларына құрмет көрсету концертімен және мерекелік ас – шайымен жалғасты. 

Ал кешке қарай зыряндықтар мен келген қонақтар үшін «Казцинк» ЖШС ЗТБК кәсіпорны демеушілік еткен от шашу ұйымдастырылды. Сондай керемет әрі ұзақ болған от шашуды Зыряндықтар көптен бері көрмеді ! Мерекелік от шашудан кейін, қалалық суаймағының маңында Ұлы Жеңіс естеліктеріне арналған қайырымдылық акциясы өткізілді, яғни ішінде от шамы бар шарларды халыққа тегін таратып, қараңғы түнгі аспанға ұшыртқызды.

Ұлы Отан соғысының қатаң жылдары бізден жылдан – жылға алыстап барады, бірақта жарық дүниеге қол жеткізу үшін өз өмірлерін аямай фашизммен күресіп және ұзақ күткен Жеңісті  жақындатқаны жайлы балаларының, немере және шөберелерінің естеліктерінде,  оларға алғыс етеміз. 

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне даңқ !!! Біздің Жеңісіміз үшін күш салған адамдарға даңқ !!! Ұлы Жеңіс күнімен !!!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru