Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян ауданының Әкімімен есептік кездесу

2015 жылдың 6-шы ақпанында Зырян қаласының «Горняк» орталық Мәдениет үйінде Зырян ауданының Әкімі Салимов Ермак Бидахметовичтің 2014 жылғы қорытындысы бойынша тұрғындармен дәстүрлі есептік кездесуі болды. Әкімнің баяндамасы электронды презентация көрсетілімімен алып жүруімен, қаланың және ауданның қоғамына көрсетілді.  Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының өткен жылғы қорытындылары бойынша тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуымен сипатталады.

Кәсіп орындарымен 35 млрд. теңге көлеміне тәмам өнеркәсіптік өнімдер шығарылды. Барлық өндірістік өнім көлемінің негізгі (74%)  бөлігін  «Казцинк» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС және Бұқтырма энергетикалық комплексі көлемдері құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14 млрд. теңге мөлшерін құрайды, 2013 жылдың деңгейіндей 9% -ға өсті. Өткен жылғы мөлшерден  17% -ға  көбірек, 758 мың тонна бидай ұнтақталды.  Аудан сүтпен 100% -ға,  етпен 89% -ға, жұмыртқамен 101% -ға қатылған.  Ауданымызда 238 кіші және орта бизнес  кәсіпорындары белсенді жұмыс істейді.

Жылдың басынан бастап тұрғын үйдің 3586 шаршы метрі  еңгізілді.

Ауданымызда 8351 оқушы оқитын 40 мектеп жұмыс атқаруда. 

Мектепке дейінгі тәрбиешілермен және оқытумен 3- тен 6- ты жасқа дейінгі оқушылар 100% қамтылды.

Өткен жылдың қорытынды көрсеткіштері бойынша әлеуметтік – экономикалық даму динамикасы оң сипатта, яғни бұл зыряндықтар еңбегінің нәтижесі болып келеді.  2015 жылы ауылда нәтижелі жұмыспен қамсыздандыру жоспарлануда.

Моноқалашықтарының дамуы бойынша кешенді жоспар шегінде, Серебрянск органикалық емес өндірістің зауытын сауықтандырылуымен жобалар, күміс және алтынның шығарылуымен техногенді шикізаттың өңдеуіне байланысты фабриканы салу жоспарланды. Осы кәсіпорындар өздерінің салымдарын ауданымыздың дамуына салулары қажет.

Тұрғұсұн өзеніндегі гидроэнергетикалық комплексінің құрылысы бойынша жұмыстары жалғастырылады.

Зырян қаласы бойынша тұрғын үй алу үшін кезекте – 551 адам, және Серебрянск қаласы бойынша – 294 адам (253-ші жетім балалар) тұр.

Бюджетте Зырян қаласы бойынша екі 60 – пәтерлі тұрғын үйінің құрылысын бастау бекітілген (120 млн. теңге).

Ауданымызда бүгінгі таңда 2363- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, (соның ішінде 45 –қатысушысы және 10- Ұлы Отан соғысының мүгедектері, 2- блокадалық Ленинградтың, 3- фашистік конслагерінің тұтқыны, 9- жараланып қалғанның арқасында мүгедек болып қалған әскери қызметкерлер,  76- қайтыс болған әскери мүгедектердің әйелдері, 2218 – тыл еңбекерлері).  Алдағы жылдарда біздің экономикалық  өсу қозғалтқышы бола алатын, «Нұрлы Жол» атты жаңа Экономикалық саясатының 7 бағытын іске асыруда ауданымыздың жергілікті атқарушы органдарының  қызметі бағытталды.  Біздің біріккен іскерлігіміз экономикалық реформаны, әлеуметтік мәселелерді шешуде, ауданымыздың экономикалық әлуетін көтеруде табысты түрде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.   

Осы  жұмыстардың  барлығы  да сіздермен  бірге атқарған еңбектің нәтижесі. Бұл - ортақ жетістік.

Биылғы жылы да  алдымызға  қойып  отырған  мақсат-міндеттеріміз аз емес. Сіздермен  бірге  оларды  да  ұтымды  жүзеге  асыратынымызға сенімдімін. 

Сүйікті ауданымызды  бірге көркейте берейік.

Тыныс-тіршілігіміз берекелі, ауданымыз  мерейлі болсын, ардақты ағайын!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru